425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда зоодүкен ретінде жұмыс істеген бар әшкереленді

  • 233
  • UPD: 14:01, 01.07.2020
Бразилияда зоодүкен ретінде жұмыс істеген бар әшкереленді

Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында зоодүкеннің атымен жамылған бардың жұмысы тоқтатылды.

Бардың иесі карантиннің шектеу шараларына қарамастан жұмыс істей берген екен. Тұрғындар айғай-шу мен музыканың қатты дыбысына шағымдана бастағаннан кейін тәртіп сақшылары рейд жүргізген. Арнайы операция кезінде барда 16 адам болған. Барлығы да медициналық маскасыз отырды. Келушілердің барлығы үйлеріне қайтарылса, түнгі клуб иесіне заң бұзғаны үшін айыппұл тағылды.

Хабар 24 телеарнасы