418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті

  • 132
  • UPD: 14:49, 01.07.2020
Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Түркияның шығысындағы Ван көліне 55-60 заңсыз мигрант мінген қайық батып кетті.

Қайықтағы алты адам қаза тапқан. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.

«Оқиға болған жерге Анкарадан Row дроны жеткізілді. Ол арқылы су асты суретке және видеоға түсіріледі», - деді министр.

Сондай-ақ ол батып кеткен қайықтың 110-120 метр тереңдікте жатқанын айтты.

Апатқа байланысты 11 адам ұсталды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы