421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қай елде миллиардерлер көп

  • 455
  • UPD: 15:43, 01.07.2020
Қай елде миллиардерлер көп

2019 жыл бойынша миллиардерлер саны көп елдердің рейтингі жасалды.

Тізімді Wealth-X жариялады.

Рейтинг бойынша бірінші орында АҚШ тұр – 788 миллиардер бар, одан кейін Қытай – 342 адам, Германия – 153 миллиардер. Төртінші орында Ресей тұр – 114 миллиардер.

Көш басында тұрған бестіктің қатарына Швейцария мен Ұлыбритания да кіреді. Олардың әрқайсысында 100 миллиардерден бар.

Сонымен қатар миллиардерлердің көпшілігі Нью-Йоркте тұрады – 113 адам, Гонконг пен Сан-Францискода 96 және 77 миллиардер бар. Зерттеуге сәйкес Мәскеуде 73 миллиардер тұрады.

2019 жылы әлемдегі миллиардерлер саны рекордтық деңгейде 211 адамға көбейіп (бір жыл бұрынғыдан 8,5% көп), 2825-ке жетті.

Хабар 24 телеарнасы