426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыздан бастап 180-нен астам журналист коронавирустан көз жұмды

  • 294
  • UPD: 16:12, 01.07.2020
Наурыздан бастап 180-нен астам журналист коронавирустан көз жұмды iz.ru

Соңғы төрт айда коронавирустың кесірінен 35 елден кемінде 186 журналист көз жұмды.

Бұл мәліметтерді сәрсенбіде Женевада Press Emblem Campaign (PEC) үкіметтік емес ұйым жариялады.

«2020 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында кемінде 186 журналист COVID-19 ауруынан қайтыс болды» деп хабарлады PEC . Бұл ретте маусым айында 59 тілші бақилық болған.

Сонымен қатар ұйым нақты жалпы көрсеткіш одан да жоғары екенін мәлімдеді. Өйткені барлық елдер эпидемияның барысы туралы толық ақпарат бере алмайды және қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирустық инфекцияға тексерілмеген.

Ұйымның мәліметі бойынша өңірлер арасында баспасөз өкілдері арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орын Латын Америкасына тиесілі, онда 93 журналист COVID-19-дан көз жұмған.

Одан кейінгі орында Азия (34), Еуропа (26), Африка (19) және Солтүстік Америка (14).

Ал тілшілер ең көп көз жұмған елдер арасында Перу алда келеді. Онда 37 журналист көз жұмған. Одан кейін PEC тізімінде Бразилия (16), Мексика (14), США (13), Эквадор (12), Пакистан (10), Бангладеш (9), Индия (9), Нигерия (8), Великобритания (7), Боливия (5), Россия (5), Никарагуа (4), Франция (4) елдері тұр

Хабар 24 телеарнасы