418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегерандағы емханада жарылыс болды: қаза тапқандар бар

  • 205
  • UPD: 16:56, 01.07.2020
Тегерандағы емханада жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Иран астанасының солтүстігіндегі клиникалардың бірінде жарылыс болды.

Салдарынан 19 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды.

Бұл туралы елдің жедел жәрдем қызметінің ресми өкілі Моджтеба Халеди хабарлады.

«Оқиға салдарынан 24 адам жарақат алды, олардың тоғызы ауруханаға жеткізілді, тағы 15 адамға жедел көмек көрсетілді. Өкінішке орай, 19 адам қаза болды», - делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты бірнеше адам ұсталған, олардың арасында емхана басшысы да бар болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы