418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада тікұшақ құлады

  • 155
  • UPD: 17:39, 01.07.2020
Польшада тікұшақ құлады

Польшада тікұшақ құлап, екі адам қаза тапты.

Оқиға 30 маусым күні шамамен 20:30 шамасында Польшаның Стшегом қаласының жанында болған. Бұл туралы Onet хабарлады.

«Бұл – екі адамға арналған тікұшақ. Белгісіз себептермен жерге құлады. Апат салдарынан орта жастағы екі адам қаза болды», - делінген хабарламада.

Апат болған жерге жеті өрт сөндіру қызметкері жіберілді. Алайда апат орнында өрт болмаған.

Тікұшақтың не себепті құлағаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы