417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ 14 елге шекарасын ашты

  • 170
Еуроодақ 14 елге шекарасын ашты

Бүгіннен бастап Еуропа елдері Еуроодақ кеңесінің ұсынысына сай 14 елге өз шекарасын ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис пен Уругвай азаматтары Кәрі құрлықты шектеусіз аралай алады. Бұл тізімге Қытай да қосылуы мүмкін. Ол үшін бұл ел келісімін беріп, өз шекарасын ашуы тиіс. Андорра, Монако, Сан-Марино мен Ватикан да Еуроодақ резиденті ретінде танылып, шетелдіктерді қабылдай бастайды. Қазақстандықтар бұл тізімге әзірге ілінбеді. Оған коронавирус індетінің өршуі себеп. Отандастарымыз қыркүйектің 15-не дейін Ресейге барғанда тіркеуден босатылады.

Хабар 24 телеарнасы