420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газада наразылық шеруі өтті

  • 190
  • UPD: 09:25, 02.07.2020

Палестинаның Газа қаласында мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Иордан өзенінің батыс жағалауының Израильге берілуіне қарсы. Наразы халық жалаулары мен плакаттарын желбіретіп, түрлі ұрандар арқылы жан айқайын жеткізді. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығысқа қатысты жоспарына сәйкес, өзеннің батыс бөлігін қосу процесін 1 шілдеден бастайтынын айтқан болатын. Аумақтың 30 пайызы Израильдің тұрақты бақылауына берілмек.

Халил Аль-Хайя,  Хамас саяси бюросының мүшесі:

– Газаның барлық фракциясы бірігіп, бұл шешімге қарсы екенімізді айтқымыз келеді. Басқыншылыққа төзе алмаймыз. Соңына дейін күресеміз.

Хабар 24 телеарнасы