425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгтағы сепаратистер сотталады

  • 260
  • UPD: 09:28, 02.07.2020

Бейжің Гонконгтағы қылмысқа қатысы бар күдіктілерді Қытай Халық прокуратурасының шешімімен соттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Гонконг және Макао істері жөніндегі бас кеңсесінің орынбасары Чжан Сяомин мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ұлттық қауіпсіздік туралы заңға қарамастан, Қытай мен әкімшілік аймақтың полициясы және құқық қорғау органдарының жұмысы сараланатынын айтты.

Чжан Сяомин, ҚХР мемлекеттік кеңесінің Гонконг, Макао істері жөніндегі бас кеңсесінің орынбасары:

– Жаңа заңның мақсаты – «Бір елдің екі жүйесін» қорғау. Заңның мазмұны «Бір ел, екі жүйе» шеңберінен тыс болмайды. Қазірдің өзінде оның тиімділігін болжай аламыз.

Қытай билігі Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі туралы заң қабылдады. Бұл қаулы Бейжің билігіне әкімшілік аймақтағы кез келген үкіметке қарсы әрекеттерге немесе терроризм актісіне қатысты қатаң шаралар қабылдауына мүмкіндік береді. Алайда тұрғындар жаңа заң аймақтың автономды құқығын әлсіретеді деген ұстанымда.

Хабар 24 телеарнасы