432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг тұрғындары ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға қарсы

  • 275
  • UPD: 09:24, 02.07.2020

Наразылық акциясына қатысушылар Ванхай ауданына жиналып, заң жобасын жоюды және бір партиялық басқаруды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасы азаматтардың құқығын бұзып, бостандығын шектейді. 50 жыл бұрын Бейжің қарамағына өткен уақытта берілген уәде орындалмады дейді ашулы халық. Наразылық білдірушілерді тарату үшін Гонконг полициясының күш қолдануына тура келді.

Авери Нг,  социал-демократтар одағының бас хатшысы:

– Мүмкін болашақта біз миллиондаған адамды көшеден көрмейтін шығармыз.  Бұл қазіргі үкіметті ұнатқандықтан емес, керісінше, қорқынышта өмір сүріп жатқанымыздың дәлелі. Бірақ мен Гонконг халқы, әсіресе жастар полицияның тыйым салуына және ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға қарамастан күресуін жалғастырады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы