418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та шектеу шаралары күшейтілді

  • 142
  • UPD: 10:56, 02.07.2020
АҚШ-та шектеу шаралары күшейтілді

АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

19 округте карантин тәртібі қатаңдатылып, музейлер, кинотеатрлар және ойын-сауық орталықтарының ашылуы кейінге қалдырылды. Қоғамдық тамақтану орындары әзірге жұмыс істемейді. Кей ауданда жағажайларда шомылуға  тыйым салынды. Штат губернаторы Гэвин Ньюсомның мәлімдеуінше, шектеу шаралары кемінде 3 аптаға енгізіліп отыр. Калифорния карантин ережелерін күшейткен жалғыз штат емес. Бұған дейін Мичиганның біраз аумағында мейрамханалар жабылған болатын. Ал Пенсильвания мен Ореган билігі тұрғындарды бетперде тағып жүруге міндеттеді.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Вирус  жылдам тарап барады. Инфекция анықталғандар санының тым көбеюі алаңдатарлық жайт. Алғашында шектеу шаралары 11 округте күшейтіледі деп жоспарланған еді. Кейін тізімге 19 аудан енді. Пандемиямен күресті күшейтіп, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз керек. Мұны айтып айтып тұрған себебім, соңғы 24 сағатта Калифорнияда 110 адам коронавирустан көз жұмды.

Ал Мысыр біртіндеп туристерді қабылдай бастады. Ел бірқатар мемлекетпен әуе байланысын жандандырып жатыр. Сонымен қатар туристік нысандар қайта ашылуда. Атап айтқанда, қазір саяхатшылар Каирдегі музей мен Гиза пирамидаларына бара алады. Мейрамханалар да қонақтарды қабылдай бастаған. Алайда қызметкерлер бетперде тағып, қолғап киіп жүруі тиіс. Ал жағажайлар әзірге жабық күйінде қалады.

Хабар 24 телеарнасы