426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта наразылық акциясы кезінде 300-ден астам адам қамауға алынды

  • 196
  • UPD: 10:56, 02.07.2020
Гонконгта наразылық акциясы кезінде 300-ден астам адам қамауға алынды

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық акциясы кезінде үш жүзден астам адам қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құқық қорғау органдары іс-шара заңсыз ұйымдастырылды дейді. 

Шаһар көшелеріне мыңнан астам адам жиналды. Ереуілшілер тәртіпсіздікке барып  жол қозғалысына кедергі жасады. Сонымен қатар, ашуға бой алдырғандар қоқыстарды жандырып, дүкен сөрелерін қирата бастаған. Жиналғандарды тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ, суатқыш пен резеңке оқ қолданды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Гонконг халқы ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңның қабылдануына қарсы. Құжатқа сәйкес сепаратистік, террористік және арандатушылық әрекеттерге баруға және шетелдік күштермен байланыста болуға тыйым салынады. Ал заңды бұзғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы