Бразилияның оңтүстігінде дүлей дауыл ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғаттың тосын мінезінен 10 адам мерт болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Санта-Катарина штатының бірнеше қаласында қатты желмен бірге нөсер жауын да жауған. Табиғат апатынан аймақтағы тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, ағаштар құлаған. Синоптиктердің айтуынша, жел екпіні сағатына 100 шақырымға дейін жетті. Дауыл Сан-Паулу қаласының тұрғындарын да әбігерге салды. Онда апаттан автокөліктер мен теңіздегі қайықтар аударылып қалған.