Оқыс оқиға кезінде апатты деп танылған ғимараттың ішінде бір адам болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Абырой болғанда ол сыртқа шығып үлгерді. Алайда жеңіл жарақат алды. Оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Мамандар үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін емес деп отыр. Белгілі болғандай 120 жыл бұрын салынған ғимараттың ішінде спорт зал орналасқан екен. Қазір апатқа қатысты тергеу басталды.