418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада оңалту орталығындағы шабуылдан 24 адам қаза тапты

  • 148
  • UPD: 10:23, 02.07.2020
Мексикада оңалту орталығындағы шабуылдан 24 адам қаза тапты iz.ru

Мексиканың Гуанахуато штатындағы Ирапуато қаласында орналасқан оңалту орталығына жасалған қарулы шабуылдан 24 адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақаттанды.

Бұл туралы қалалық қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Педро Кортеге сілтеме жасап, Formula радиостанциясы хабарлады.

Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерді, оларды полиция іздестіруде. Қаскөйлердің неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Шабуылдан кейін орталықты Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері күзетуде.

Хабар 24 телеарнасы