429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жануарлардың ойын оқуға арналған құрылғылар жасалуда

  • 190
  • UPD: 11:42, 02.07.2020
Жапонияда жануарлардың ойын оқуға арналған құрылғылар жасалуда

Жапондық мамандар үй жануарларының ойларын түсінуге мүмкіндік беретін электронды құрылғыны жасау үстінде.

Бұл туралы РИА Новости елдің білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жақында Жапония үкіметінің ғылым туралы кітабында алдағы 20 жылға арналған болжамдар жазылған. Онда болашақта адамдар үй жануарларын толықтай түсіне алатындығы туралы айтылады. Ол үшін ғалымдар нейрокомпьютер интерфейсін жасамақ.

«Біз мимен машинаны функционалды магниттік-резонанстық томографияны байланыстыратын аппарат жасап шығарамыз», - делінген.

Аппаратты жасау кезінде құлағы естімейтін адамдарға арналған бірнеше құрылғы қолданылмақ.

Хабар 24 телеарнасы