418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде референдумнан кейін наразылық акциясы өтті

  • 82
  • UPD: 15:35, 02.07.2020

Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі референдумнан кейін наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең ірісі Мәскеудегі Пушкин алаңында ұйымдастырылды. Демонстранттар президенттік мерзімге қатысты шектеулерді алып тастауға қарсылық білдірген. Айта кетерлігі, пандемияға байланысты Ресей астанасында адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Дегенмен полиция наразы топты таратуға тырыспады.

Сергей Митрохин, Мәскеу қалалық думасының депутаты:

– Құқықтық мемлекетпен қош айтыстық. Бұл референдум Ресейдегі заң үстемдігін қалпына келтіруде соңғы нүкте болды.

Марина Литвинович, қоғамдық қадағалау комиссиясының мүшесі:

– Бізде партия жоқ. Өзіміз жиналдық. Ары қарай не боларын көреміз. Бізде партия емес қой. Бір айта кетері, бұл өзгертулерге қарсылық танытып жатқан азаматтар айқындалды. Осы азаматтарға саяси өкілдік қажет.

Хабар 24 телеарнасы