Мьянманың солтүстігінде орналасқан Качин штатындағы Пхакан қалашығының аумағында жадеит пен нефрит өндіретін карьерде болған лай көшкіні салдарынан қаза болғандар саны 126 адамға жетті, құтқарушылар 23 адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Риа Новости.
Кеше 113 адамның қаза болғаны хабарланған болатын.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.