426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тойдан кейін жігіт жігіт көз жұмып, 100-ден аса адамнан COVID-19 анықталған

  • 256
  • UPD: 18:46, 02.07.2020
Үндістанда тойдан кейін жігіт жігіт көз жұмып, 100-ден аса адамнан COVID-19 анықталған

Үндістанның шығысында үйлену тойына барған 100 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үндістанның жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға маусымның ортасында болған. Күйеу баланың дене қызуы көтерілген, сондықтан ол тойды кейінгі қалдыра тұрады сұраған. Алайда туыстары салт-дәстүрді сақтау керегін айтқан. Тойдан кейін екі күннен соң күйеу бала ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Тойға барған туыстарының бірінің айтуынша, күйеу бала тойға бір ай қалғанда басқа бір қалаға барып қайтқан. Өзін жақсы сезінген.

Жергілікті билік өкілдері осы жағдайды білген соң тойда болған қонақтардың барлығын тексерген. 400 қонақтың 113-інен коронавирус анықталған. Енді олар қазір карантин орталықтарында оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы