418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда бір тәулікте 4 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

  • 185
  • UPD: 08:57, 03.07.2020
Колумбияда бір тәулікте 4 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ал жалпы індетті жұқтырған адамдардың саны 100 мыңды еңсеріп, 3 мыңнан астам азамат қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттің дендеуіне байланысты ел астанасы Богота қаласының мэрі Клаудия Лопес демалыс күндері қалада карантиндік шаралардың күшейтілетінін айтты. Өткені қазірдің өзінде реанимация бөлімдеріндегі орындардың 70% бос емес. Коронавирустық пандемия халық денсаулығымен қатар ел экономикасына да кері әсер етті. Колумбияда көптеген кәсіпорын жабылып, жұмыссыздар саны артты. Әрі әлемдік мұнай бағысы төмендеді. Осыған байланысты, үкімет елдің экономикасы 5% қысқарады деген болжам жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы