420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда мыңнан астам ұшқыш пен бортсерік ереуілге шықты

  • 247
Германияда мыңнан астам ұшқыш пен бортсерік ереуілге шықты

Германияның Берлин қаласында елдегі алты ірі әуе компаниясының қызметкерлері наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңнан астам ұшқыш пен бортсерік биліктен жұмыс орындарын сақтап қалуын талап етті. Коронавирус пандемиясының кесірінен жұмысшылар нәпақасынан айырылып қалуы мүмкін. Алпауыт Lufthansa мен TUI компаниялары мемлекеттен қаржылай көмек алса да, ондаған мың қызметкерін қысқартуды көздейді. Берлиннің өзінде 700 -ден астам адамның жұмыссыз қалу қаупі бар. Еуропалық EasyJet лоукостері де жұмысшыларын азайтпақ ниетте. Айта кетейік, аталмыш компанияның ұшақтары Германия ішінде ұшпайтын болды. Бұл жаңалықты естіген қызметкерлер ереуіл ұйымдастыруды жөн көрген. Наразылық акцияны өзге де әуе компаниялардың қызметкерлері қолдай кетті.

Филипп, ұшқыш:

- Билік біздің де мәселемізге назар аударсын деген ниетпен жиналып отырмыз. Компания өз қызметкерлері үшін жауапты емес пе. Қиын қыстау кезде өз құқығымызды қорғауымыз керек. Мәселені жұмысшыларды қысқарту арқылы шешкен дұрыс емес. Бұл адамдардың болашақ өмірі мен тағдырына кері әсер етеді. Әлемде орын алған жағдайға біздің кінәміз жоқ?

Уве Хин, «Ufo» кәсіподағының өкілі:

- Үкімет ірі әуе компанияларына салық төлеушілердің қаражатынан миллиардтаған сомада көмек көрсетті. Сондықтан біз салық төлеуші ретінде оларға көмек көрсетсек, компания да жұмыс орындарымызды сақтап қалуы тиіс. Халықтың қамын ойлау керек. Бұл жерде барлық әуе компаниялардың өкілдері жиналды. Жан айқайымызды Үкімет басшысы да, компания өкілдері де естісе дейміз.

Хабар 24 телеарнасы