418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швеция зерттеушілері COVID-19-ға қатысты тың жаңалық ашты

  • 377
  • UPD: 12:58, 03.07.2020
Швеция зерттеушілері COVID-19-ға қатысты тың жаңалық ашты belnovosti.by

Адамдардың ағзасында коронавирустық инфекцияға антиденелер түзіліп, иммунитет қалыптасады деу – қате пікір.

Мұндай қорытындыны швед сарапшылары жасады, деп хабарлайды The Daily Mail

Ғалымдар 200-ден астам вирус жұқтырған адамдардың сынамаларын зерттеді, олардың арасында симптомсыз немесе жеңіл түрде ауырғандар бар.

Зерттеу кезінде әртүрлі инфекцияларға иммунитетті қалыптастыратын және патогендерді «өлтіруші» Т-лимфоциттер немесе Т-жасушаларының саны басты назарға алынды.

Т-лимфоциттер иммундық реакцияны жылдам қайта қалыптастыра алады, өйткені олар организмдегі зиянды заттар – антигендер туралы ақпаратты «есте сақтайды». Осы механизмнің арқасында «жасушалық иммунитет» пайда болады.

Осылайша, Каролинск институты (Стокгольм) қызметкерлері дені сау (бұрын ауырған) қан донорларының 30%-інде «Т-жасушалық иммунитеті» бар екендігін анықтады.

Бұл көрсеткіш коронавирусқа антиденелері бар адамдардың санынан екі есе көп.

Мұндай көрсеткіштен кейін зерттеушілер «ұжымдық иммунитеттің деңгейін бағалау кезінде лимфоциттік тестілерді ескеруге басымдық беру керек, дегенмен «T-киллерлерді» анықтайтын тестілер ауыр зертханалық процедура болып табылады» деген қорытындыға келді.

 

Хабар 24 телеарнасы