418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда қылмыскерлермен атыс кезінде сегіз полицей қаза тапты

  • 151
  • UPD: 10:50, 03.07.2020
Үндістанда қылмыскерлермен атыс кезінде сегіз полицей қаза тапты iz.ru

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қылмыскерлер тобымен болған атыс кезінде кемінде сегіз полиция қызметкері қаза тауып, 12-сі жарақаттанды.

Бұл туралы The Times of India газетіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлайды.

Тәртіп сақшылары мен қылмыскерлер арасындағы шайқас Канпур округіндегі ауылда өтті.

Қылмыскерлер банда жетекшісін ұстауға келген 40 тәртіп сақшысына оқ жаудырды. Оған қарсы 60 іс қозғалған.

News18 ақпараттық арнасының хабарлауынша, Викас Дубей есімді банданың жетекшісіне жақында қамауға алу туралы ескерту жасалды, ал қылмыскерлер полицияға жол бермеу үшін ауылға баратын жолды бетон блоктармен жауып тастайды.

Алайда полицейлер жолды тазартып, ауылға бет алған сәтте қаскөйлер көрші ғимараттардың төбелерінен оларға оқ жаудырған.

Хабар 24 телеарнасы