428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 млн-нан асты

  • 207
Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 млн-нан асты

Латын Америкасы елдерінде індет өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мексикада бір тәулікте 6 мыңдай адамнан коронавирус анықталды. 700 науқас жұқпалы дерттен жан тәсілім етті. Ресми мәліметке қарағанда, мамыр айында Мексикада 345 мың жұмыс орны қысқарған. Өткен айда ел билігі карантин режиімін жеңілдетіп, кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға рұқсат берді.

Эсмеральда Рамирес, банк қызметкері:

– Қазір шектеулерді алуға әлі ерте деп ойлаймын. Карантин тәртібі жеңілдетілгелі қоғамдық орындарда адамдар саны көбейіп кетті. Тұрғындардың жұмысқа оралып жатқаны қуантады. Бірақ бұл вирус жұқтыру қаупін арттырып отыр. Ауруханаларға түсіп жатқандар өте көп.

Ал Бразилияда вирус жұқтырғандар саны 1 жарым миллионнан асты. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Дегенмен қазір елде шектеу шаралары біртіндеп алынып жатыр. Мәселен, ел астанасында 3 ай бойы жабық тұрған мейрамаханалар ашыла бастады. Алайда ғимарат іші тек жартылай толуы тиіс. Сондай-ақ қалада сұлулық салондары мен спорт залдар жұмысы да жанданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы