431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кения ғалымдары шегірткемен күресуге білек сыбана кірісті

  • 265
Кения ғалымдары шегірткемен күресуге білек сыбана кірісті

Қазір олар зиянкестерді жою үшін ең тиімді әдіс түрін іздестіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар шегірткелерден құтылудың 3 жолын ұсынып отыр. Біріншісі – олардың көп шоғырланған жеріне биопестицидті себу әдісін қолдану. Алайда бұл өзге жәндіктердің тіршілік етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Екіншісі канибализм. Яғни шегірткелер иіс сезу қабілеті арқылы үйірімен топтасып бірге жүреді. Ал егер оларға дәрі себу арқылы иістерін өзгертсе, шегірткелер бір-біріне шабуылдай бастайтын көрінеді. Және соңғысы мамандар жәндіктің бұл түрін тамаққа қолдануды да ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы