425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сербияда бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

  • 444
  • UPD: 15:26, 03.07.2020
Сербияда бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

Сербияда қоғамдық орындарда бетперде тақпай жүргендерге айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ түнде жұмыс істейтін кафелер мен клубтар, студенттік жатақханалар жабылмақ. Бұған науқастар санының күн санап артуы себеп. Соңғы тәулікте бұл мемлекетте 300-ден астам жаңа дерек тіркеліп, 6 науқас індеттен қайтыс болды. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 15 мыңнан асып отыр.

Александр Вучич, Сербия президенті:

– Үкімет бірқатар сақтық шарасын күшейтті. Түнгі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс істейтін кафелер мен клубтар екі аптаға жабылады. Дүйсенбіден бастап сауда орталықтары мен қоғамдық көлікте маска тақпағандарға 5 мың динар көлемінде айыппұл салынады. Жабық орындарда адамдардың көптеп жиналуы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы