418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада маска мен қолғап ауруханаға дронмен жеткізіледі

  • 136
  • UPD: 15:22, 03.07.2020
Мексикада маска мен қолғап ауруханаға дронмен жеткізіледі

Мексика ауруханаларына маска мен қолғаптар дронмен жеткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар инфекцияның таралуына жол бермеу үшін ұшатын аппараттарды пайдалана бастаған. Осылайша дрондар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түспейді. Әрі медициналық жабдықтарды жеткізу уақыты да үнемделеді. Естеріңізге салайық, таяуда Мексикада медициналық қызметкерлердің жаппай наразылық акциясы өткен. Дәрігерлер қорғаныш құралдары мен сұйықтықтардың жетіспеушілігіне наразылығын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы