417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA ғарыштың иісі бар парфюм шығарады

  • 166
  • UPD: 16:32, 03.07.2020
NASA ғарыштың иісі бар парфюм шығарады © Kickstarter.com

Omega Ingredients компаниясы NASA-мен бірлесе отырып, ғарыштың иісі бар Eau De Space иіссуын шығармақ.

Хош иіс ғарышкерлердің ғарышты бақылауы негізінде жасалған, деп хабарлады unian.net.

Eau de Space иіссуының формуласын астронавттарды ұшуға дайындау үшін осыдан он жыл бұрын химик Стив Пирс жасап шығарған.

Алдын ала мәліметтер бойынша ғарыштық хош иісті парфюмдер осы жылдың қазан айында сатылымға шығады.

Хабар 24 телеарнасы