418,83 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапурде денге безгегін жұқтырғандар саны 14 мыңнан асты

  • 159
  • UPD: 16:57, 03.07.2020
Сингапурде денге безгегін жұқтырғандар саны 14 мыңнан асты

Сингапур билігі биыл денге безгегі өршіп, алдыңғы жылдардағы рекордтарды бұзатынын болжап отыр.

Бұл туралы Straits Times хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Сингапурде денге безгегін жұқтырудың 14 мыңнан астам жағдайы анықталған. Жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 22170 жағдай тіркелген 2013 жылғы рекордтан асуы мүмкін деп күтілуде. Сонымен бірге ол жылы 8 өлім жағдайы тіркелген, ал биыл қазірдің өзінде 16 адам қайтыс болды.

Денге безгегі – субтропикалық және тропикалық климатты аймақтарда жиі кездесетін қауіпті вирустық ауру.

Хабар 24 телеарнасы