418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан таза ел

  • 351
  • UPD: 17:41, 03.07.2020
Коронавирустан таза ел

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елде «Ковид –19» инфекциясы бір де бір рет тіркелмегенін растады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол бұл туралы билеуші Еңбек партиясының саяси бюросының отырысында мәлімдеді. Соған қарамастан, Ким Чен Ын елде эпидемияға қарсы жұмысты күшейтуді жалғастыру керек екенін ескертті. Жыл басында Пхеньян билігі барлық халықаралық тасымалды жауып, шетелдік туристердің елге кіруіне тыйым салған  еді. Сонымен қатар, жиналыстарды кейінге шегеріп, тұрғындарды қоғамдық орындарда бетперде тағуға міндеттеген. Ал «Ковид-19» белгілері бар адамдардың карантинге жабылды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі 900-ден астам адамның коронавирусты анықтау бойынша тестіден өткенін және олардың бір де біреуінен «Ковид-19»  анықталмағанын айтты.

 

Хабар 24 телеарнасы