414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияда крематорийден шығып жатқан түтін ауаны ластады

  • 260
  • UPD: 18:30, 03.07.2020

Боливия астанасы Ла-Пастың зиратындағы крематорийден шығып жатқан қою түтін ауаны ластауда, деп хабарлайды «Хабар 24»

Коронавирус індеті басталғалы бұл жер күні-түні жұмыс істеп жатыр.  Салдарынан шаһардағы ауа сапасы нашарлап кетті. Денсаулығын уайымдаған тұрғындар енді крематорийді өзге жерге көшіртуді талап етуде.

Айта кетейік, Боливияда коронавирусты 35 жарым мыңнан аса адам жұқтырып, бір мың екі жүз жетпіс бірі қайтыс болды. Жалпы, елде 11 миллионан астам халық тұрады.

Антонио Чукимия, Ла-Пас қаласының тұрғыны:

– Бұл түтіннің жүрек айнытатын иісі бар. Күлі желмен айналаға тарап, үйлерге түседі. Биліктен крематорийді халық тұрмайтын жерге ауыстыруды сұрап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы