422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словенияда сертификатталған алғашқы электрлі ұшақ жасалды

  • 229
  • UPD: 17:42, 03.07.2020
Словенияда сертификатталған алғашқы электрлі ұшақ жасалды

Словенияда өндірілген «Велис Электро» электрлі ұшағына Еуропаның авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификаты берілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әлем бойынша сертификатталған алғашқы электрлі ұшақ коммерциялық мақсатта пайдаланылады. Өндірушілердің айтуынша, ұшақтың бұл моделі 2015 жылы пайда болғанмен, сертификация алу процесіне шамамен 30 ай кеткен . Айта кетейік, 2 орындық әуе көлігінің қозғалтқыш қуаты 50 минуттық сапарға ғана жарамды.

Тине Томазич, Pipistrel компаниясының басшысы:

– Көпжылдық тәжірибемізге сүйене отырып, электрлі ұшақтарды 2007 жылдан бері шығарып келеміз. Velis Electro-дан бұрын ұшақтың 8 түрлі моделі шыққан. Енді әуе көлігін кез келген коммерциялық мақсатта қолдана аламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы