423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияның пиротехника зауытында жарылыс болды

  • 345
  • UPD: 20:54, 03.07.2020
Түркияның пиротехника зауытында жарылыс болды

Түркияның Сакария провинциясындағы пиротехника зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Салдарынан 4 кісі қаза тапты. 83-і зардап шекті.  Бір науқастың халі мүшкіл. Бұл туралы осы елдегі тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлады. Жарылыс бүгін жергілікті уақытпен 12.00 шамасында болған. Зауыттың айналасында 190-ға жуық жұмысшы тұрады екен. Алайда бүгін оның қаншасының жұмыста болғаны белгісіз. Зауытта 110 тонна жарылғыш заттар болған екен. Қазір іздестіру- құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы