418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда экс-министр Пхеньянмен арақатынас мәселесінде АҚШ-қа қарсы шықты

  • 196
  • UPD: 11:33, 04.07.2020
Кореяда экс-министр Пхеньянмен арақатынас мәселесінде АҚШ-қа қарсы шықты

Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы барлық келісімдер сақталуы керек. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Корея парламентінің депутаттарымен кездесу барысында, бірігу істер жөніндегі бұрынғы министрі Ли Джон Сок мәлімдеді.

Айтуынша, Пхеньянмен жақында қарым-қатынастың нашарлауы және екі ел арасындағы байланыс кеңсені жоюы Сеул үшін үлкен сабақ болды. Оның қорытындысы – екі ел арасындағы барлық келісімдерді орындалу керек.

Еске сала кетейін, 2018 жылы өткен самиттінде Ким Чен Ын мен Мун Дже Ин барлық арандатушылық әрекеттерді тоқтатуға келісті. Ли Джон Сук Корея Республикасы Президентінің АҚШ президенттік сайлауы алдында Солтүстік Корея-Америка саммитін өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығы туралы мәлімдемесіне де түсінік берді.

Экс-министрдің айтуынша, саммит тек кездесу үшін керек емес.

«Тоқырау жағдайды шешу үшін, ең бастысы, жәй кездесу емес, нәтижелі кездесу керек», - деді Ли Джон Сок. Ол сондай-ақ АҚШ-Оңтүстік Корея жұмыс тобының жұмысын нонсенс деп атады. Шенеуніктің айтуынша, сарапшылар қанша жұмыс істесе де АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды жеңілдетпейді. Ұлттық жиналыста айтылған барлық ұсыныстар Президент Әкімшілігіне жіберіледі.

Ли Джон Сок, Корея Республикасы бірігу істер жөніндегі бұрынғы министрі: 

- Біз Америкаға Солтүстік Корея проблемаларын АҚШ-тан да жақсы білетінімізді айтуымыз керек. Кореяаралық қатынастардағы және Солтүстік Корея ядролық мәселесіндегі Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы одақтастықтың ролін қайта қарау қажет. Корея үкіметі өз көшбасшылық рөлін күшейтуі керек. Жұмыс тобы тек Солтүстік Кореяның ядролық мәселелерімен айналысуы керек, ал Пхеньян мен Сеул арасындағы қатынастармен Оңтүстік Кореяның Бірігу істер жөніндегі министрлігі айналасу керек.

Хабар 24 телеарнасы