418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Вирусқа қарсы дәрілердің тиімділігі жуырда белгілі болады

  • 189
ДДСҰ: Вирусқа қарсы дәрілердің тиімділігі жуырда белгілі болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы дәрілерге жүргізілген клиникалық сынақтардың алғашқы нәтижерлерін екі аптадан кейін алатынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қазіргі уақытта ремдесивир, гидросихлорохин, лапинавир мен безгек ауруына қарсы препараттардың коронавирусты емдеудегі тиімділігі тексеріліп жатыр. Сынаққа әлемнің 39 елінде 5 жарым мыңнан астам азамат қатысуда. Десе де, халықаралық ұйым өкілдері, вирусқа қарсы тұра алатын жалғыз дәрі – ремдесивир ғана болуы мүмкін дейді. Себебі осы дәрімен емделіп жатқан науқастар басқаларға қарағанда 4 күнге ерте айығып жатқан көрінеді. Ал вакцина мәселесіне келсек, журналистермен өткізген брифинг барысында ұйым өкілдері, коронавирусқа қарсы емнің нақты қашан пайда болатыны әзірге белгісіз деді.

Майк Райан, ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарлама жетекшісі:

– Вакцинаның қашан дайын болатынын кесіп айту қиын. Бүгінде әлем бойынша 130-дан астам вакцина әзірленіп жатыр. Алайда олардың ешбірі клиникалық сынақ қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы