418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия тас көмір мен қоңыр көмірден толықтай бас тартпақ

  • 183
Германия тас көмір мен қоңыр көмірден толықтай бас тартпақ

Елдегі осы отын түрімен жұмыс істейтін электр станциялары 2038 жылға дейін түгел жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бундестаг депутаттары тиісті заң жобасын қабылдады. Құжатта көмір өнеркәсібімен айналысып келген және алдағы жылдары осы саладағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болатын аймақтарға субсидия бөлінеді. Бұл мақсатқа шамамен 40 миллиард еуро қарастырылған. Бұдан бөлек, электр станцияларының иелеріне де өтемақы төлеу көзделген. Ол үшін 4 миллиард еуро бөлінеді. Сөйтіп 2050 жылға қарай Германия өзін 80 процентке жасыл энергиямен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы