418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та ер адам полицейді өлтірді

  • 269
  • UPD: 08:03, 05.07.2020
АҚШ-та ер адам полицейді өлтірді ntv.ru

 Тәртіп сақшысын оқтан қорғайтын арнайы киімі де құтқарып қала алмады.

Огайо штатында алкоголь тұтынған ер адам жергілікті полиция қызметкерін атып тастады. Бұл туралы Толидо қаласының полиция басқармасы хабарлады.

Айтуынша, 26 жастағы тәртіп сақшысы Э.Диа тұрғындардың шақыртуы бойынша құрылыс материалдарын сататын дүкеннің автотұрағына келген. Полицей сол маңда жүрген мас ер адамды байқап, жақындай бергенде оққа ұшады. Алған жарақаты ауыр болып, ол сол жерде көз жұмды.

Ал шабуыл жасаған ер адам орманға қарай қашып кеткен. Полицейлер күдіктіні дрон және иттермен іздейді. Көп кешікпей оның денесі табылады.

Хабар 24 телеарнасы