418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде метро қатынасы уақытша тоқтатылды

  • 153
  • UPD: 10:08, 05.07.2020

Әзербайжанда 16 қала мен ауданда тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Бакудің өзінде шілденің жиырмасына дейін метро станциялары қызмет көрсетпейді. Ал жексенбі күндері қоғамдық көлік қатынамайды. Бұған қоса, әр тұрғын сыртқа шығу үшін алдымен СМС-хабарлама арқылы рұқсат алуы тиіс. Айта кетейік, қазір бұл елде коронавирус өршіп тұр. Күн сайын ел бойынша 500 науқас тіркеледі. Ауруханалардың жүктемесі күннен-күнге артып барады. Сондықтан ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастар үй жағдайында емделуде.  

Шахмар Мовсумов, президент көмекшісі:

– Қатаң шара қолдану – мәжбүрлі қадам. Себебі карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін елде вирус жұқтыру дерегі күрт өсіп кетті. Енді бұл көрсеткішті мейлінші төмендету қажет. Ол үшін әрбір тұрғын карантин режимінің талаптарын орындауы тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы