418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда 28 мың адам коронавирус құрбаны болды

  • 192
  • UPD: 09:42, 05.07.2020
Испанияда 28 мың адам коронавирус құрбаны болды

Барселонадағы Саграда Фамилия шіркеуі есігін қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда оған кіру мүмкіндігі тек медицина қызметкерлеріне берілді. Осылайша шіркеу әкімшілігі індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандарға құрмет көрсетпек болған. Ал 18 шілдеден бастап әйгілі шіркеуге Барселона тұрғындары да бара алады. Және оған кіру жыл соңына дейін тегін болмақ. Айта кетейік, Испания әлем бойынша коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің қатарында. Осы уақытқа дейін бұл елде 200 мыңнана аса азаматтан инфекция анықталды. 28 мың адам вирус құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы