426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлемде антирекорд орнады

  • 500
  • UPD: 11:21, 05.07.2020
COVID-19: әлемде антирекорд орнады

Әлемде кейінгі бір тәулікте коронавирус жұқтыру дерегінің рекордтық өсімі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Небәрі 24 сағат ішінде дүниежүзі бойынша 212 мыңнан астам азамат қауіпті инфекцияға шалдыққан. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Аталған ұйымның дерегінше, ең үлкен өсім – АҚШ, Бразилия және Үндістан елдерінде. Айта кетейік, алдыңғы қайғылы рекорд осыдан бір апта бұрын ғана тіркелген еді. Сол кезде 198 мың адам індеттің ілмегіне ілінген болатын.

Хабар 24 телеарнасы