418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәж-Махал туристерге есігін қайта ашты

  • 191
  • UPD: 08:33, 06.07.2020
Тәж-Махал туристерге есігін қайта ашты LiveJournal

Үндістандағы әйгілі Тәж-Махал кесенесі келушілер үшін есігін қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда тарихи нысанға күніне тек 5 мың турист қана кіре алады. Және олардың барлығы міндетті түрде маскамен жүрулері қажет. Сондай-ақ кесене ішінде 2 метрлік арақашықтық сақталуы тиіс.

Айта кетейік, Агра қаласында орналасқан архитектуралық ескерткіш коронавирус кесірінен 3 айға жабылған еді. Карантинге дейін оған күніне 80 мыңға дейін турист келетін.

Хабар 24 телеарнасы