417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан әскери-әуе күштері Қытаймен шекаралас провинция аспанын күзетеді

  • 293
Үндістан әскери-әуе күштері Қытаймен шекаралас провинция аспанын күзетеді Zakon.kz

Үндістан Қытаймен шекаралас Ладакх провинциясында әскери-әуе күштерінің бөлімін күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делидің мұндай шара қабылдауына 15 маусымда Үнді-қытай шекарасындағы атыс себеп болып отыр.

Естеріңізде болса, сол кездегі қанды қақтығыстан 20 үнді сарбазы қаза тапқан еді. Жалпы үнді басылымдарының жазуынша, бұл қадам сырттан келетін шабуылға тойтарыс беру мақсатында жасалса керек. Жуырда Ладакх өңіріне сапарлаған үнді премьері Нарендра Модидің сөзі де осыған саяды. Сонда Үкімет басшысы сырттан жасалатын қысымға жол бермейтінін айтқан болатын. Өз кезегінде Қытайдың сыртқы істер министрлігі тараптардың аймақтағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы