418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та түнгі клубтағы атыс кезінде екі адам қаза тапты

  • 140
АҚШ-та түнгі клубтағы атыс кезінде екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы түнгі клубтардың бірінде атыс болып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдары өкілдерінің хабарлауынша, тағы 8 тұрғын түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірнеше адам ауыр халде жатыр. Қайғылы оқиға Гринвилл қаласында орын алған. Атыс басталғанда түнгі клубта жүзден астам адам болды. Күдіктілер ізін суытып үлгерген. Оларды іздестіру операциясы әлі де жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы