429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 39 адам көз жұмды

  • 275
  • UPD: 16:02, 06.07.2020
Жапонияда жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 39 адам көз жұмды

Жапонияның Кюсю аралындағы екі аудан су астында қалды.

Өзендер жағалаудан шығып, ауылдарды су басты. Табиғи апат салдарынан 39 адам көз жұмған. 13 адам, оның ішінде жергілікті тұрғындар мен қарттар үйінің қызметкерлері із-түзсіз жоғалған.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 200 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы