426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда кәсіпкерлер ереуілге шықты

  • 293
  • UPD: 21:04, 06.07.2020

Германияда ойын-сауық саласында қызмет көрсететін 5 мыңнан астам компания банкротқа ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус пандемиясының кесірінен саябақтағы түрлі аттракцион мен жәрмеңке ұйымдастырушылардың жұмысы көктем айынан бері тоқтап тұр. Жұмысын жүргізе алмай отырған екі мыңға жуық кәсіпкер Берлинде ереуілге шықты. Наразылар елдің түкпір-түкпірінен келген. Жиналғандар жүк көліктеріне әткеншек, ойын-сауыққа арналған кабиналар мен аппараттарын тиеп алып, шаһар көшелерімен жүріп өтті. Шерушілер аймақта көлік қозғалысына кедергі келтірді.  Наразылар саясаткерлердің назарын аударып, жұмыстарын жалғастыру үшін биліктің рұқсат беруін талап етті.

Емрих, компания директоры:

– Тығырыққа тірелдік. Наурыздың 15-інен бастап кіріс жоқ. Ал шығынымыз шаш-етектен. Жұмыс істейтін мүмкіндік болмай тұр. Тапқан-таянғанның бәрі жұмсалды. Жаз мезгілінде шығынның орнын толтырам ба деп едім. Ол да болмай отыр. Жағдайдың оңалатынына да үміт аз. Осы уақытқа дейін мемлекеттен көмек сұраған емеспіз. Ал қазір үкіметтің көмегі ауадай қажет.

Франс,фирма қызметкері:

– Көп жылдан бері түгел әулетімізбен осы салада жұмыс істеп келеміз.  Кішкентай кезімде саябақта көмектесіп, кейін өз ісімді бастап кеттім. Жыл басынан бері кіріс болған жоқ. Үйде отырғанымызға жарты жыл болды. Кәсібімізді ары қарай жалғастыру үшін мүмкіндік берулерін сұраймыз. Осы себеппен ғана Саксониядан келдік.

Хабар 24 телеарнасы