418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чикагода атыстан бес адам ажал құшты

  • 136
  • UPD: 21:05, 06.07.2020

Чикагода тәуелсіздік күнін атап өту іс-шарасы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде екі атыс болып, бес адам көз жұмды. Олардың екеуі бала. Бірінші оқиға қала орталығында болған. Белгісіз біреулер көше бойындағы жолаушыларға оқ жаудырып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бірнеше азамат жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында 14 жастағы жасөспірім бар. Екінші қанды оқиға  Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған, отбасылық кеште болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгісіз біреу әжесінің үйінің жанында отбасымен тұрған 7 жасар қызды атқан. Басынан жарақаттанған бала ауруханада көз жұмды. Шабуылдардың артында кімнің тұрғаны белгісіз.

Эндрю Холмс, қоғам қайраткері:

– Полиция мен детективтерді кінәлауды доғарыңыздар. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруы тиіс. Тұрғындардың бірі бұл қылмыстың артында кімнің тұрғанын біледі. Ол баланы кімнің өлтіргенін көрген.

 

Хабар 24 телеарнасы