420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерорта теңізінен 180 мигрант құтқарылды

  • 253
  • UPD: 20:56, 06.07.2020
Жерорта теңізінен 180 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде бірнеше күн бойы қалқыған Ocean Viking кемесіндегі 180 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін келімсектер өзге паромға көшіріледі. Онда толық медициналық тексерістен өтіп, коронавирусты анықтайтын тестіден өтті. Кейін болжам бойынша карантинге жатқызылуы тиіс. Жуырда Ocean Viking кемесінде төтенше жағдай жарияланған еді. Көлік бортындағы бірнеше мигрант өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Кейін келімсектер аштық жариялаған. Жалпы,  өткен айдың соңында Жерорта теңізінде 180 адам құтқарылды. Олардың 25-і кәмелет жасына толмағандар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мигранттардың көбі Ливиядан шыққан. Әзірге Италия билігі, олардың жағажайға табан тіреуіне рұқсат беру туралы шешім қабылдаған жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы