418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда жүргізушілер жолды жауып тастады

  • 134
  • UPD: 09:03, 07.07.2020
Ливанда жүргізушілер жолды жауып тастады

Ливан астанасы Бейрутте такси жүргізушілері ереуіл ұйымдастырды. Олар көлігімен жолды жауып тастаған.

Жүргізушілер биліктен елдегі экономикалық ахуалға қатысты шаралар қабылдауын сұрап отыр. Өйткені елде азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кеткен. Жұмыссыздық  белең алған. Осы ретте такси жүргізушілері жол салығын төлеуден босатуын талап етіп отыр. Жалпы экономикалық дағдарысқа байланысты Ливанда ереуілдер өткен жылдың күзінде басталған еді. Жаппай толқулар кесірінен премьер-министр  отставкаға кеткен. 

Ахмад Әл-Әли, такси жүргізушісі:

- Ұлттық валюта құлдырап барады. Сол себепті біз жол салығын төлеуге қауқарсызбыз. Сондай-ақ көлікті техникалық байқаудан өткізу талабын алып тастауды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы