431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждің Лувр музейі ашылды

  • 255
  • UPD: 09:05, 07.07.2020
Париждің Лувр музейі ашылды

Париждегі Лувр мұражайы қайта ашылды. Ол пандемия кесірінен наурызда  жабылып қалған еді. Салдарынан мекеме 40 миллион еуро шығынға батты. 

Енді  араға шамамен 4 ай салып, мұражай жұмысын қайта бастады. Десе де шектеулер  енгізілген. Мәселен, келушілер залдардың тек 70 процентіне ғана өте алады.  Сондай-ақ мұнда бұрынғыдай емес, тек бір есік арқылы ғана кіруге болады. Одан  бөлек қызметкерлер де, қонақтар да маскамен жүруге міндеттеледі. Алғашқы күннің  өзінде кісі қарасы қалың болды. Десе де, басшылық «келушілердің бұрынғыдай нөпірі әлі байқалмас» дейді.

Жалпы өткен жылы Луврға 9 жарым миллионнан аса  адам келген екен. Алайда биыл жазда былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда қонақ саны 70-80 процентке аз болады деп болжанып отыр. 

Жан-Люк Мартинес, Лувр мұражайының директоры:

- Біз 7 мың адамды қабылдадық. Әдетте олардың саны күніне 30 мыңға дейін  жететін. Келушілер алаңдамаса болады. Өйткені сақтық шараларының бәрі қабылданған. Оның үстіне мұражайдың іші өте үлкен. Яғни бір жерде көп кісі жиылмайды.

Хабар 24 телеарнасы