418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия президенті Жаир Болсонаруға COVID-19 жұққан болуы мүмкін

  • 145
  • UPD: 10:09, 07.07.2020
Бразилия президенті Жаир Болсонаруға COVID-19 жұққан болуы мүмкін

Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирус дертінің белгілері пайда болғанын хабарлайды.

Айтуынша, дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, ағзаға өттегінің түсуі 96 процентке дейін төмендеген. Осыған орай саясаткер өзінің барлық кездесулерін кейінге қалдырып, ем қабылдауға кірісті.

Қазір президент Ковид-19-ды анықтайтын тесттің нәтижесін күтуде. Ал томографияның қорытындысы бойынша Жаир Болсонарудың өкпесі таза болып шықты. Бұған дейін Болсонару коронавирус індетін «тұмау ауруынан айырмашылығы жоқ» деп қабылдаған болатын. Тіпті бірнеше рет кездесулер мен көпшіліктің алдына бетпердесіз шыққан. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтыққа да аса мән бермеген көрінеді.

Айта кетейік, бүгінде Бразилияда Ковид-19 дертіне шалдыққандардың саны 1 млн 600 мыңнан асты. 65 мыңнан астам науқас індеттің құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы